Жаңалықтар

Жамбыл облысында ер адам әйеліне қоңырау шалғаны үшін 10 тәулікке қамалды

Unsplash, бильд-редактор: Дастан Шанай
Unsplash, бильд-редактор: Дастан Шанай

Жамбыл облысының Мойынқұм аудандық соты қорғау нұсқамасын бұзған ер адамды 10 тәулікке әкімшілік қамауға алды.

Сот мәліметінше, 2026 жылдың маусым айында әйел адам полицияға хабарласып, заңды жұбайы үйіне келіп, бірнеше рет қоңырау шалып, мазасын алғанын айтқан. Осылайша ер адам тұрмыстық зорлық-зомбылықтан кейін өзіне шығарылған қорғау нұсқамасының талаптарын бұзған.

Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкініш білдірген. Бұл жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілген. Ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

Сот оны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 461-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады. Қаулы заңды күшіне енді.

Сот қорғау нұсқамасының талаптарын бұзу заңмен жауапкершілікке әкелетінін еске салып, азаматтарды тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған шектеулерді қатаң сақтауға шақырды.

Мұның алдында Жамбыл тұрғыны полиция департаментін сотқа беріп, жеңіп шықты