Жаңалықтар

Астанада Сығанақ көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Фото: kursiv.media, Аскар Ахметуллин

Астанада Сығанақ көшесінің бір бөлігі сегіз күнге кезең-кезеңімен жабылады. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

«9-16 шілде аралығында Сығанақ көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Арыс көпіріне (М-3) дейінгі учаскесінде жол жабынының үстіңгі қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі. Аталған учаске кезең-кезеңімен жабылатын болады»,делінген хабарламада.

Фото: Астана әкімдігі

Әкімдік мәліметінше, жөндеу жұмыстары кезінде көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады. Осыған байланысты жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жолға шығар алдында бағытын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысындағы уақытша өзгерістерді ескеру ұсынылады.

Осыған дейін Астана әкімдігі сол жағалаудағы төрт көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілетінін хабарлаған болатын. .