Жаңалықтар

Бишімбаев ісіндегі прокурор Айжан Аймағанова депутаттыққа ұсынылды

Фото: instagram

Бүгін, 10 шілде күні, «Әділет» партиясының кезекті III съезі өтті. Қоғамға экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша танылған прокурор Айжан Аймағанова партия атынан Құрылтайға депутаттыққа ұсынылды.

Партияның бүгінгі жиынында таныстырылған жалпы тізімде 186 адам бар. 

Олардың ішінде: Ерлан Қарин, Жұлдыз Сүлейменова, Әділ Балтабаев, Марат Қожаев, Айдос Сарым, Жанарбек Әшімжан, Ерлан Саиров, Асхат Аймағамбетов т.б бар.

Айжан Аймағанова қоғамды дүр сілкіндірген Бишімбаевтың резонансты сот отырыстарында мемлекеттік айыпты қорғап, өзінің кәсібилігімен әрі принципшілдігімен көпшіліктің ықыласына бөленген еді.