
Танымал кәсіпкер, «Әділет» партиясының мүшесі Жұмабек Жанықұлов партияның III съезі аясында журналистердің сұрағына жауап беріп, неліктен үміткерлер тізіміне енбегенін айтты.
Журналистердің «Бұл тізімнен сізді де көргіміз келген еді, неге өзіңіз депутаттыққа ұсынылмадыңыз» деген сауалына кәсіпкер өзінің халықаралық деңгейдегі қызметі мен ұстанымы себеп екенін жеткізді.
«Мен саяси тұрғыдан бейтарап адаммын. Қазіргі таңда халықаралық «Ernst & Young» (EY) компаниясының бас серіктесімін. Сондықтан мен саяси тұрғыдан толықтай бейтарап тұлға болуға міндеттімін. Бірақ мен партияның идеясын, жаңа ұйымды және бұл жаңа институтты толығымен қолдаймын», – деді Жұмабек Жанықұлов.
Сонымен қатар ол съезде таныстырылған 186 үміткердің тізіміне қатысты пікір білдіріп, олардың арасында өзі жақсы танитын жас, жауапты, амбициясы жоғары әрі кәсіби мамандардың көп екенін атап өтті. Жанықұлов жаңа құрамның ел игілігі үшін жемісті жұмыс істейтініне сенім білдірді.
Оқи отырыңыз: Бишімбаев ісінен кейін таңылған прокурор Айжан Аймағанова депутаттыққа ұсынылды.