
Миллиардер Қайрат Итемгеновке тиесілі Pana Asia компаниясы Бозжырадан визит-орталық пен этнокофейня ашады. Бұл туралы Lada.kz жазды.
ОКҚ мәліметінше, туристік орындар ресми түрде жұмысын осы жылдың шілде-тамызында бастауы керек. Кешенде ондаған глэмпинг, қонақүй де болады, этнокофехана деп танылған Tary Coffee де жұмысын бастайды. Визит орталық аумағы 450 шаршы метрді қамтиды, жылына 40 мың туристі қабылдауға мүмкіндігі бар.
Былтыр визит-орталық пен этнокофейня жобасын Тоқаевқа таныстырған еді. Бірақ ол кезде туристік орындар 2026 жылдың соңына дейін ашылады деп хабарлаған.
Жаңа нысандардың жобасымен Pana Asia компаниясы айналысады. Бұған дейін олар ел бойынша бес визит-орталық салған. Кейбірі Алматыдағы Аюсайда, Қатон-Қарағайда және Отырарда орналасқан.
Pana Asia, Sandyq Group мейрамханалар желісі Tary кофеханалар желісімен бірігіп Aqniet Group холдингі құрамына кіреді. Оның акционері Қайрат Итемгенов, Forbes Kazakhstan есебі бойынша дәулеті 404 млн доллар деп бағаланған.
Бұл Бозжырадағы алғашқы коммерциялық нысан емес. Осы жылы сәуірде Бозжырадан 17 шақырым жерде алғашқы визит-орталық ашылған. Мамырда техникалық режимде жұмыс істей бастады. Визит орталық күніне 45-50 адамнан қабылдап, туристерге қажетті ақпарат ұсынады.
Маңғыстау облысы әкімдігінің мәліметінше, осы жылдың алғашқы үш айында өңірге 67 мыңнан аса адам келген. Ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2% көп. Қонақтар негізінен Бозжыраға баруды жөн көреді. Одан әрі Торыш, Көкала жазығын, Шерқала, Айрақты тауын, Қызылқұп және Боқты шатқалдары, сондай-ақ Тұзбайыр сорына барады.