
Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар арнайы орынға билетті енді онлайн сатып ала алады. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы хабарлады.
Ресми ақпаратқа сәйкес, бұған дейін мұндай мүмкіндік болмаған. Бас көлік прокуратурасының қадағалау актісінен кейін Көлік министрлігі мүгедектігі бар жолаушылар үшін жүйені жетілдірді.
2026 жылдың маусымынан бастап әлеуметтік маңызы бар пойыздарға арнайы орындарға билеттерді онлайн рәсімдеу сервисі іске қосылды.
Нәтижесінде 90 мыңға жуық адам теміржол билеттерін онлайн сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
Бұған дейін мүгедектігі бар қазақстандықтарға арналған арнайы вагондар пайда болатыны айтылды.