
10 шілдеде Астана уақытымен түнгі сағат 00:59-да Жамбыл облысы аумағында жер сілкінді. Бұл туралы Kursiv.Media Қазақ ұлттық деректер орталығы мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Жамбыл облысы аумағында бір аптаның ішінде екінші мәрте айтарлықтай қуатты жер сілкінісі тіркеліп отыр. Деректер орталығының Геофизикалық зерттеулер институты өңір аумағында тіркелген жерасты дүмпуінің магнитудасын 4,5 балл деп бағалады. Дүмпу 15 км тереңдікте болған.
Жер сілкінісінің ошағы Тараз қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 65 км қашықтықта орналасқан.

Жер сілкінісі Алматы қаласынан шамамен 500 км, ал Бішкек қаласына шамамен 300 км жерде болды.
Естеріңізге сала кетейік, 4 шілдеде дәл осы Жамбыл облысы аумағында жер сілкінген. Сол кезде де мамандар дүмпу магнитудасын 4,5 балл деп бағалаған.