
Криштиану Роналдудың Әлем чемпионатынан шығып қалғаннан кейін, ширек финалдық ойындардың билет бағасы айтарлықтай арзандады. Ресми мәліметтерге сүйенсек, билет бағасы бірден 60%-ға жуық төмендеген.
Бағаның айырмашылығы қандай?
Жарыстың бұл кезеңіне сұраныс жоғары болған кезде билеттердің құны мүлдем басқаша еді. Бүгінгі таңда баға көрсеткіштері төмендегідей өзгерді:
Осыған дейін ширек финалдық кездесулерді стадионнан тамашалау үшін жанкүйерлер кем дегенде 2950 доллар (шамамен 1 400 000 теңге) төлеуге дайын болған.
Роналдудың кеткенінен кейін билеттің бастапқы құны 1200 долларға (шамамен 567 000 теңге) дейін құлдырады.
Билеттердің арзандауына не әсер етті?
Сарапшылардың пікірінше, бағаның арзандауына Роналдудан бөлек, Әлем чемпионатының қожайындары АҚШ құрамасының да шығып қалуы әсер етті. Бұл жергілікті жанкүйерлер тарапынан сұраныстың азаюына алып келді.
Ширек финал кезеңіндегі ең арзан ойын – Франция мен Марокко арасындағы кездесуі болды. Бұл ойынға билеттер 989 доллардан (шамамен 467 000 теңге) бастап сатылды.
Айта кетейік, бұл ойыда Франция жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты.