
Тележүргізуші Динара Сәтжан ұлы Даниалдың қалыңдығына сырға салып, ене атанды. Бұл сүйінші жаңалықты ол инстаграм парақшасында жариялады.
«Мен бүгін ресми түрде мамочкамның «коллегасы» болдым. Мен қандай ене болатынымды әлден білемін. Өйткені менің жанымда маған үлгі болатын жан бар», – деп жазды ол.
Динара Сәтжаггың Даниал есімді ұлы Айнұр есімді бойжеткенмен бас қосты. Динара Сәтжан енесі және әке-шешесімен бірге келініне сырға салып, құдалармен танысу рәсімін жасады. Тележүргізушінің сөзінше, ол Айнұрды төрт жылдан бері біледі. Тіпті Даниал әскерде болғанда Айнұрмен бірге кездесуге барған.
28 маусымда ол келінін туған күнімен құттықтап, парақшасында құттықтау тілегін арнаған еді.
Жақында тележүргізуші психолог Шолпан Есмағанбетоваға сұхбат бергенін жазған едік. Ол қазіргі жолдасы Жұмабек Жанықұловтан бала сүйгісі келгенін айтқан.