Жаңалықтар

Нью-Йорк полициясындағы қазақтар министр Саденовпен кездесті

фото: polisia.kz

Қазақстандық Мирас Бүкешов пен Данияр Нұртаза – қазір Нью-Йорк полициясының қызметкерлері. АҚШ-қа жасаған жұмыс сапары аясында олармен Ішкі істер министрі Ержан Саденов кездесті.

Мирас Бүкешов – Тараз тумасы, 2000 жылы сол жерде дүниеге келген. . 2018 жылы АҚШ-қа қоныс аударып, 2023 жылдан бері жергілікті полицияға жұмысқа кірген. Ал Данияр Нұртаза 2002 жылы отбасымен бірге АҚШ-қа көшіп барған. 2014 жылы Нью-Йорк полициясының қатарына қабылданған.

Данияр Нұртаза мінсіз қызметі үшін де көзге түсіп үлгерді. 2015 жылы Нью-Йорк метросы бекетінің маңында толғағы басталған аяғы ауыр әйелдің босануына көмектесіп, көпшілікке кеңінен танылды. Тіпті оның өмірі мен қызметі туралы деректі фильм түсірген.

Өз кезегінде Ержан Саденов отандастарына мамандықтарына адалдығы мен шетелде қазақ халқының беделін көтеріп жүргені үшін алғыс айтып, қызметіне табыс тіледі.

Тағы да оқыңыз: Тараздағы теракт кезіндегі капитан Байтасовтың ерлігі