Жаңалықтар

Ақмола облысында апалы-сіңлілі екі қыз көлікпен бірге суға батып, қаза тапты

Елорда іргесінде апалы-сіңілі екі қыз көліктің ішінде суға батып кетті
Елордада апалы-сіңілі екі қыз көліктің ішінде суға батып кетті /Фото: pixabay.com

Ақмола облысы су айдыныдағы демалыс қайғылы жағдаймен аяқталды. 11 шілде күні Целиноград ауданына қарасты Қызылжар ауылының маңында болған оқиға салдарынан 8 және 12 жастағы апалы-сіңлілі көз жұмды.

Алдын ала ақпарат бойынша, отбасы демалыс күндерін табиғат аясында өткізу үшін жасанды су қоймасының жағасына келіп, түнеген. Келесі күні таңертең суға шомылып шыққан апалы-сіңлілі қыздар киім ауыстыру үшін жағалауда тоқтап тұрған көлікке отырған.

Сол сәтте автокөлік кенеттен өздігінен жүріп кетіп, ылдилап барып суға құлаған. Оқиға қас-қағым сәтте болған. Көз алдында орын алған сұмдықты көрген әкесі балаларын құтқаруға ұмтылған. Алайда ол көліктің есігін аша алмай, не терезесін сындыра алмай қалған. Салдарынан көлік санаулы секундтарда су түбіне кетіп, екі бүлдіршін қаза тапты.

Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың нақты себептері анықталып жатыр. Құзырлы органдар тергеу амалдарын бастады.

Бұған дейін 26 маусымда Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы «Көгілдір шығанақ» маңында екі жас жігіт Каспий теңізіне батып кетті.