
Елордада жол жөндеу жұмыстарына байланысты 30-дан астам автобус маршрутының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Бұл туралы City Transportation Systems (CTS) компаниясы мәлімдеді.
«Өзгерістер №10, 12, 15, 15А, 18, 19, 21, 29, 29А, 30, 32, 35, 40, 46, 47, 50, 51, 54, 55А, 55Б, 56, 60, 61, 70, 78, 121, 303, 323, 504, 506, 507 және 508 бағыттарға қатысты болды», – делінген ақпаратта.
CTS бұл өзгерістердің уақытша екенін және жол жөндеу жұмыстарына байланысты енгізілгенін түсіндірді. Жолаушыларға уақыт жоғалтпау үшін сапарларын алдын ала жоспарлау ұсынылады.
Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін қоғамдық көліктер әдеттегі бағыттары бойынша қатынайтын болады.