Жаңалықтар

Алматы кітапханаларында тегін үйірмелер ашылды

фото: Алматы қаласы әкімдігі

Жазғы демалыста Алматы кітапханаларында балаларға, жасөспірімдерге және ересектерге арналған тегін жазғы үйірмелер ашылды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлайды.

Олардың қатарында әдеби-танымдық клубтар, шет тілдері курстары, компьютерлік сауаттылық, шешендік өнер, актерлік шеберлік, сәндік-қолданбалы өнер, кітап клубтары, қолөнер үйірмелері тәрізді көптеген бағыт бар. Үйірмелер И.А. Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасында, Алматы кітапханаларының Герольд Бельгер көшесі, 1Б мекенжайындағы филиалында, сондай-ақ №1, №14, №26, №33, №39 және №44 кітапханаларда ұйымдастырылған. Толық тізімімен төменде танысуға болады:

А.П. Чехов атындағы орталық қалалық кітапхана – 8 708 218 4585
Мекенжайы: Алмалы ауданы, Гоголь көшесі, 109
«Кітап талқы» – кітап талқылау клубы
(айына 1 рет, дүйсенбі, сағат 15:00; 18-20 жас)
«Chinese club» – қытай тілін оқыту курсы
(аптасына 2 рет, сәрсенбі, бейсенбі, сағат 16:00; 12-16 жас)
«Contemporary English» – ағылшын тілі курсы
(аптасына 1 рет, сейсенбі, сағат 20:00; 16+)

И.А. Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасы – 8 707 190 00 64
Мекенжайы: Бостандық ауданы, Әуезов көшесі, 175
«Алтын қолдар» – сәндік-қолданбалы өнер үйірмесі
(бейсенбі және сенбі, сағат 10:00-12:00; 6-12 жас)
«Тіл – қазына» – қазақ тілі үйірмесі
(сәрсенбі 12:00–13:00, сенбі 10:00-12:00; 7-12 жас)
«Ертегі терапиясы»
(сейсенбі, сағат 14:00-14:45; 4-6 жас)
«Сахна және сара сөз» – актерлік шеберлік және шешендік өнер үйірмесі
(дүйсенбі және сәрсенбі, сағат 10:00-12:00; 6-12 жас)

Alatau Creative Hub – 8 707 732 60 66
Мекенжайы: Алатау ауданы, Нұркент шағынауданы, 5/11
«Көркемсурет»
(сәрсенбі, жұма, 11:00-12:00 және 15:00-16:00; 9-15 жас)
«Қытай тілі курсы»
(сейсенбі, бейсенбі, 10:00-11:00 және 15:00-16:00; жас шектеуі жоқ)
«Көркем жазу»
(дүйсенбі, жексенбі, 11:00-12:00 және 16:00-17:00; 5-10 жас)
«Ағылшын ересектерге»
(сенбі, жексенбі, 14:00-15:00)
«Кітап құмар»
(сейсенбі, бейсенбі, 16:00-17:00; 12-14 жас)
«Сөз өнері»
(сейсенбі, бейсенбі, 10:00-11:00 және 15:00-16:00; 10-15 жас)
«Шахмат»
(бейсенбі, жұма, 11:00-12:00 және 15:00-16:00; 7-14 жас)
«Ағылшын тілі балаларға»
(дүйсенбі, сәрсенбі, 11:00-12:00; 7-10 жас)

С. Бегалин атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы – 8 777 732 1594
Мекенжайы: Медеу ауданы, Төле би көшесі, 27
«Қағазбен моделдеу»
(әр сәрсенбі, 11:00; 6 жастан бастап бастауыш сынып оқушыларына арналған)
Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы – 8 708 124 4444
Мекенжайы: Алмалы ауданы, Назарбаев даңғылы, 43
«Q-planet»
(аптасына 1 рет; жас шектеуі жоқ)

№1 кітапхана – 8 777 217 46 88
Мекенжайы: Түрксіб ауданы, Толстой көшесі, 36
«Әжемнің ертегісі»
(айына 1 рет; 5-6 жас)
«Шебер қолдар»
(айына 1 рет; 5-10 жас)

№14 кітапхана – 8 705 727 1611
Мекенжайы: Бостандық ауданы, Римский-Корсаков көшесі, 3
«Қағаз-қайшы»
(айына 2 рет, бейсенбі, 15:00; 7-15 жас)
«Оқырман» – кітап клубы
(айына 1 рет, бейсенбі, 18:00; 17-21 жас)
«АРТ терапия»
(айына 2 рет, дүйсенбі, 12:00; 7-15 жас)
«TalantLive» – актерлік шеберлік үйірмесі
(айына 2 рет, сейсенбі, 12:00; 10-16 жас)

№24 кітапхана – 8 775 599 0220
Мекенжайы: Жетісу ауданы, Айнабұлақ-4 шағынауданы, 174
«Сиқырлы қылқалам» – сурет салу үйірмесі
(ай сайын; 5-9 жас)
«Оқитын ұлт» – кітап клубы
(ай сайын; 8-сынып оқушылары)
«Ақпарат арнасы» – ақпараттық мәдениет және цифрлық сауаттылық клубы
(ай сайын; жас шектеуі жоқ)
«StoryTime» – ертегі оқу
(ай сайын; 3–5 жас)

№26 кітапхана – 8 707 942 6181
Мекенжайы: Түрксіб ауданы, Сейфуллин даңғылы, 102
«Үміт» – әдеби клуб
(тоқсанына 1 рет; 14-16 жас)
«Шахмат»
(тоқсанына 3 рет; 10-12 жас)
«Тоқыма»
(тоқсанына 3 рет; 10-15 жас)

№30 кітапхана – 8 707 779 9769
Мекенжайы: Түрксіб ауданы, Дөнентаев көшесі, 2А
«Speaking club»
(айына 4 рет, сенбі, 11:00; 7-11 жас)
«Затейник»
(айына 1 рет, жұма, 14:00; 7-11 жас)

№32 кітапхана – 8 747 171 8830
Мекенжайы: Алмалы ауданы, Достық даңғылы, 42Б
«Лира» – әдеби клуб
(айына 1 рет, айдың соңғы бейсенбісі; 50-60 жас)

№33 кітапхана – 8 705 203 8689
Мекенжайы: Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 160
«English Academic Club» – ағылшын тілі курсы
(айына 2 рет, сейсенбі, 11:00; 8-13 жас)
«Ғажайып қолдар»
(айына 1 рет, сәрсенбі, 11:00; 7-12 жас)
«Ертегі оқып берейін»
(айына 1 рет, бейсенбі, 11:00; 6-10 жас)

№39 кітапхана – 8 747 806 2843
Мекенжайы: Медеу ауданы, Достық даңғылы, 111/4
«Ғажайып бояулар» – сурет салу үйірмесі
(айына 2 рет, бейсенбі, 15:00; 6-10 жас)
«Қазақша сөйлеп үйренейік» – қазақ тілі үйірмесі
(айына 2 рет, сенбі, 11:00; 7-11 жас)
«Шебер қолдар» – қолөнер академиясы
(айына 2 рет, сәрсенбі, 15:00; 7-12 жас)

№44 кітапхана – 8 775 472 2329
Мекенжайы: Алатау ауданы, «Томирис» шағынауданы, Орталық көшесі, 126
«Компьютерлік сауаттылық»
(апта сайын, сәрсенбі; жас шектеуі жоқ)
«Сиқырлы қағаз әлемі»
(айына 2 рет, сейсенбі; 5-13 жас)
«Ертегі терапиясы»
(айына 1 рет, айдың соңғы жұмасы; 5-8 жас)

№45 кітапхана – 8 702 437 3176
Мекенжайы: Әуезов ауданы, Мамыр-7 шағынауданы, 8А
«Жүректен жүрекке»
(екі айда 1 рет; 60-80 жас)

Алматы кітапханаларының Розыбакиев көшесі, 247/7 мекенжайындағы филиалы – 8 747 582 3841
«Шамшырақ» – кітап талқылау клубы
(айына 2 рет, сейсенбі, 20:00; 15-25 жас)

Алматы кітапханаларының Герольд Бельгер көшесі, 1Б мекенжайындағы филиалы – 8 747 727 7101
«Қылқалам» – сурет салу үйірмесі
(айына 2 рет, сәрсенбі, 14:00-15:00; 7-12 жас)
«Ертегі мен экран»
(айына 2 рет; 5-10 жас)
«Шеберлік әлемі» – сәндік-қолданбалы шығармашылық үйірмесі
(айына 2 рет, сенбі/жексенбі, 15:00-16:00; 7-12 жас)
«Көркем жазу»
(айына 1 рет; 5-6 жас)

Үйірмелерге жазылу және қосымша ақпарат алу үшін кітапханаларға хабарласуға немесе library.almaty ресми Instagram парақшасына жазуға болады.

Тағы да оқыңыз: Алматы кітапханаларының мобильді қосымшасы іске қосылды