
Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері Фабио Каннаваро қызметін сақтап қалады. Италиялық маман команданы 2027 жылы өтетін Азия Кубогына дайындайды. Бұл туралы Championat.asia хабарлады.
Өзбекстан футбол қауымдастығының басшылығы Каннавароға толықтай сенім артып, алдағы уақытта Сауд Арабиясында өтетін 2027 жылғы Азия Кубогында чемпиондық атақ үшін таласу міндеті қойылды.
Еске сала кетейік, Өзбекстан құрамасы алғаш рет Әлем чемпионатына қатысып, үш ойында да жеңіліс тапты. Әлем чемпионатындағы сәтсіз ойыннан кейін жанкүйерлер бас бапкерді қызметінен кетуін сұрады. Алайда, Өзбекстан футбол қауымдастығы Каннавароға тағы бір мүмкіндік берді.