Жаңалықтар

ФИФА финал өтетін стадионның газонын сатылымға шығарды

фото: FIFA

Халықаралық футбол федерациясы ФИФА 19 шілдеде 2026 жылғы Әлем чемпионатының финалдық кездесуі өтетін New York New Jersey стадионының газонын бөлшектеп сатылымға шығарды.

Бағасы қанша?

ФИФА дүкеніндегі мәліметке қарағанда, газоның кішкентай бір бөлігі 450 доллар тұрады. Тауардың өлшемі «17,5 х 17,5 х 17,5» деп көрсетілген, бірақ нақты өлшем бірлігі (дюйм, сантиметр немесе миллиметр екені) нақтыланбаған. Көгалдың шынайы бөлігі Әлем чемпионаты-2026 логотипі бар акрилді футлярға салынған. Тауарға түпнұсқалығын растайтын ресми сертификаты бар USB-диск бірге беріледі.

ФИФА сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, сатып алынған тауарларды жеткізу Әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін басталады. Қазіргі уақытта алдын ала тапсырыс беру мүмкіндігі АҚШ, Ұлыбритания және континенттік Еуропа елдерінің мекенжайлары үшін ғана қолжетімді.

Еске сала кетейік, футболдан Әлем чемпионаты 19 шілде күні Нью-Йорк қаласында өтеді. Ал 14 пен 15 шілде күндері жартылай финалда Франция – Испания және Англия – Аргентина жұптары финалға шығу үшін таласады.