Жаңалықтар

Халықтың коллекторларға өткен қарызы 1 трлн теңгеден асты

Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Соңғы жылдары коллекторлардың өндіріп алуына жіберілген қарыз бен микрокредит көлемі қарқынды өсіп жатыр. 2026 жылдың наурыз айында 1,1 трлн теңгеге жетті. Finprom дерегі бойынша, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен (803,1 млрд теңге) салыстырғанда 37,2%-ға артық. Ал егер 2021 жылдың соңымен салыстырсақ, мұндай қарыз көлемі 2,7 есе өскені байқалады.

Цифрларға көз жүгіртсек, өсім соңғы жылдары ерекше жылдамдаған:

  • 2021 жылдың соңы — 402 млрд тг;
  • 2022 жыл — 438 млрд тг;
  • 2023 жыл — 591 млрд тг;
  • 2024 жыл — 778,8 млрд тг;
  • 2025 жылдың қорытындысы — алғаш рет 1 трлн теңгеден асты.

Керісінше, коллекторлардың меншігіне өткен қарыздар (талап ету құқығы өткен займдар) азайып келеді. 2026 жылдың наурызында оның көлемі 727,7 миллиард теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,4%-ға аз (2025 жылдың наурызында бұл көрсеткіш 1 трлн теңгеден асқан болатын).

Мораторий салдары: қарыз кімнің балансында қалады?

Бұл құрылымдық өзгерістердің басты себебі – азаматтардың проблемалық несиелерін сатуға қойылған ресми шектеулер. 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде банктер мен микроқаржы ұйымдарына (МҚҰ) мұндай проблемалық займдарды коллекторлық агенттіктерге мүлдем сатуға тыйым салынды. Ал 2026 жылдың қаңтарында бұл мораторий 2027 жылға дейін ұзартылған.

Нәтижесінде жаңадан пайда болған проблемалық берешектер алғашқы несие берушілердің (банктер мен МҚҰ) өз балансында қалады.

Коллекторлар бұл жерде қарыздың иесі ретінде емес, тек сотқа дейінгі өндіріп алу жұмыстарын жүргізушіі ретінде ғана тартылады. Сол себепті де коллекторлардың меншігіндегі қарыз азайып, олардың тек «жұмысқа қабылдаған» берешектері көбейіп жатыр.

Негізгі үлес кімге тиесілі?

Коллекторларға өткен қарыздың басым бөлігі екінші деңгейлі банктерден (ЕДБ) түскен. 2026 жылдың наурызында банктерден қабылданған қарыз көлемі 941,2 миллиард теңгеге жетті (былтыр 682,7 млрд тг болатын). Банктерден қабылданған қарыз портфелі бір жылда 258,5 млрд теңгеге (немесе 37,9%-ға) өске.

Сонымен қатар:

  • МҚҰ-дан қабылданған қарыздар бір жылда 85,4 млрд теңгеден 73 млрд теңгеге дейін азайды.
  • Басқа қаржылық емес ұйымдардан берілген долгтар 35 млрд-тан 87,8 млрд теңгеге дейін өсті.

Коллекторлар бұған дейін сатып алған (құқығы өткен) қарыздардың құрылымында да банктер алда тұр. Мұнда 2026 жылдың наурызында банктерден алынған қарыз көлемі 498,9 млрд теңгені құрады (өткен жылы 608,7 млрд тг).

МҚҰ-дан сатып алынған микрокредит бойынша берешек 105,9 млрд-тан 79,2 млрд теңгеге дейін, ал басқа қаржылық емес ұйымдардан 330,8 млрд-тан 94,8 млрд теңгеге дейін қысқарды.