Жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар Гонконгтегі робототехника жарысында жеңіске жетті

фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстандық оқушылар Гонконгта өткен роботехника жарысына қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

PhysTech School Almaty мектебінің «PEAK» командасы чемпионаттың ең жоғары марапаттарының бірі – 1st Runner-Up атағын жеңіп алды. Сондай-ақ команда ең инновациялық көрме аймағы үшін берілетін Most Innovative Booth Award арнайы жүлдесімен марапатталды. Robot Game санатында 6-орын иеленіп, әлемнің үздік командаларының қатарына енді. Ал «Future Axions 218» тобы халықаралық командалар арасында екінші орынға ие болды.

FIRST LEGO League Hong Kong Championship – балалар мен жасөспірімдерге арналған робототехника және STEM бойынша ірі халықаралық және ұлттық чемпионат. Биыл бұл турнирге әлемнің 30-дан астам елінен 120 үздік команда, 900-ден астам оқушы қатысты.

Тағы да оқыңыз: Қазақстан құрамасы физикадан өткен халықаралық олимпиада бес алтын алды