Жаңалықтар

Янник Синнер Уимблдон турнирінің екі дүркін чемпионы атанды

Янник Синнер / фото: Wimbledon.com

Лондонның шөпті корттарында ерлер арасындағы Уимблдон турнирінің финалдық кездесуі аяқталды. Бас жүлде үшін әлемнің бірінші ракеткасы, италиялық Янник Синнер мен Германия өкілі Александр Зверев бақ сынасты.

Тартысты финал

Теннисшілер кортта 3 сағат 46 минут бойы аянбай тер төкті. Тартысқа толы кездесу 6:7 (7:9), 7:6 (7:2), 6:3, 6:4 есебімен Синнердің пайдасына аяқталды.

Ойын барысында Янник Синнер 15 эйс жасап, 2 қос қателік жіберді және 5 брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды. Ал Зверевтің еншісінде 17 эйс пен 2 қос қателік бар.

Бұл жеңістен кейін қос теннисшінің өзара кездесулер есебі Синнердің пайдасына 11-4 болып өзгерді. Айта кетерлігі, италиялық спортшы 2024 жылғы Цинциннати турнирінен бері Зверевке қарсы өткізген соңғы 10 матчтың барлығында жеңіске жеткен.

Уимблдон турниріндегі жеңісі үшін Янник Синнер 4,8 млн доллар көлемінде сыйақы алады.

Чемпиондардың жетістіктері

24 жастағы әлемнің бірінші ракеткасы бұл жеңісінен кейін рекордын жаңартты. Қазіргі таңда оның еншісінде: Үлкен дулыға (Grand Slam) турнирлерінің 5 титулы бар: Аустралия ашық чемпионаты (2024, 2025), АҚШ ашық чемпионаты (2024) және Уимблдон (2025, 2026).

29 ATP титулы, соның ішінде ATP Қорытынды турнирінің екі дүркін жеңімпазы (2024, 2025). Италия құрамасы сапында Дэвис Кубогының екі дүркін иегері (2023, 2024).

29 жастағы Зверев финалда ұтылғанымен, рейтингте өз позициясын жақсартты. қазіргі үшінші орыннан екінші сатыға көтеріледі. Биыл маусым айында Зверев Ролан Гаросс турнирінде жеңіске жетіп, өз мансабында алғаш рет Үлкен дулыға турнирін алды.