
Air Astana қайтадан Дубайға рейс орындай бастады. Бұл туралы 14 шілдеде әуе компаниясы ресми түрде хабарлады.
«Air Astana 15 шілдеден бастап Алматы-Дубай-Алматы және Астана-Дубай-Астана тұрақты рейстерін қалпына келтіруді жоспарлап отыр», – деп жазылған ақпаратта.
Баспасөз қызметінің ескертуінше, аймақтағы жағдайға қарай ұшу кестесі де қайта өзгеруі де мүмкін. Ондай қосымша өзгеріс болған жағдайда жолаушыларға қосымша хабарланады.
Осыдан екі күн бұрын Air Astana-ның Астанадан Дубайға ұшып шыққан ұшағы діттеген жерге жете алмай, қайта әуежайға оралған еді. Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты әуекомпаниясы рейстерін уақытша тоқтатқан.
Мамырда АҚШ пен Иран уақытша бітімге келген еді, бірақ бір ай өтпей жатып келісім бұзылды. 8 шілдеде АҚШ Иранға соққы жасап, тағы да санкция салды. Жауап ретінде Тегеран Ормұз бұғазындағы танкерлерге шабуылдады.