Жаңалықтар

Алматы – Петропавл тасжолында көлік өртеніп 3 адам қайтыс болды

Алматы – Петропавл тасжолында көлік өртеніп 3 адам қайтыс болды / фото: видеодан кадр

Ақмола облысында Астана – Петропавловск тасжолында қайғылы жағдай болды. Әлеуметтік желіде тараған видеода тасжолдағы көліктің жанып жатқан сәтін көруге болады. Кейін анықталғандай көлік ішінде болған үш адам оның ішінде бір бала жанып кеткен. Ақпаратты өңірлік Полиция департаменті растады.

Жол-көлік оқиғасы Жаңаталап ауылының маңында болған. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жақын маңдағы өрт сөндіру бөлімі оқиға орнынан 30 шақырым қашықтықта орналасқандықтан, құтқарушылар жеткенше көлікті от толық шарпыған.

Жол апатынан аман қалған бір адам дене күйігімен аудандық ауруханаға жеткізілді. Оған жедел жәрдем келгенше трассалық медициналық-құтқару пунктінің қызметкерлері алғашқы көмек көрсетті.

Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция мен шұғыл қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр. Қаза тапқандардың аты-жөні мен апаттың себептері анықталып жатыр.

Тексеріс қорытындысы бойынша заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.