Жаңалықтар

Араб миллиардері Мысыр құрамасының ойыншыларына автокөлік сыйлады

Фото: Mohamed Hossam, EPA / TASS

Біріккен Араб Әмірліктерінің ірі кәсіпкері Халаф аль-Хабтур 2026 жылғы Әлем чемпионатында көрсеткен тамаша өнері үшін Мысыр ұлттық құрамасының барлық өкілдеріне (ойыншылар мен техникалық құрамға) Mitsubishi автокөлігін тарту етті.

«Al Habtoor компаниялар тобы Мысыр футбол қауымдастығымен байланысқа шығып, делегацияның әрбір мүшесіне Mitsubishi автокөлігін сыйға тарту туралы келісімге келді», – делінген әмірліктік бизнесменнің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Кәсіпкер бұл жетістіктің барша араб әлеміне үлкен мақтаныш пен қуаныш сыйлағанын атап өтті.

Көлік футболшыларға ғана емес, Al Habtoor Group мәлімдегендей, делегацияның барлық мүшелеріне, соның ішінде әкімшілік құрам мен медициналық қызметкерлерге.

Мысыр құрамасының ӘЧ-2026-дағы нәтижесі

Мысыр құрамасы ширек финалда қазіргі әлем чемпиондары – Аргентина құрамасынан тартысты ойында жеңіліп, турнирді аяқтаған болатын. Атланта қаласында өткен ширек финалдық кездесу 3:2 есебімен аргентиналықтардың пайдасына шешілді. 

Бұл ойыннан кейін, Мысыр футбол қауымдастығы ФИФА-ға шағым түсірген еді.