
Өскемен хайуанаттар бағында биыл тұяқты жануарлардың төлі көбейді. Солардың қатарында Жұлдызша есімді бұзау да бар.
YK-news.kz ақпаратына қарағанда, ақ маңдайлы ұрғашы қодас жуырда төлдеген. Оған Жұлдызша деген ат қойылған. Хайуанаттар бағының қызметкерлерінің айтуынша, бұзау ойнақтағанды ұнатады. Аптап ыстық күндері де ол қоршауды еркін аралап, келушілердің назарын еріксіз өзіне аударады.
Биыл Өскемен хайуанаттар бағында Жұлдызшадан бөлек үш теңбіл бұғының лағы, бір маралдың төлі, екі құлын (бірі пониден, бірі жылқыдан) және бір бұзау туылған еді.
Айта кететін жайт, Алматы зообағында шайқағыш жанаттар 20 жылда алғаш рет төлдеген еді.