
Қазақстандағы туризмді дамытумен айналысатын Kazakh Tourism ұлттық компаниясы 2025 жыл үшін акционнеріне дивиденд төлемейді. Оған себеп – компанияның шығынға батуы. Бұл туралы қаржы есептілігі депозитарийіндегі хабарламада жазылған.
Жалғыз акционердің шешімі 13 шілдеде шыққан.
«Қоғамының 2025 жылғы жылдық қаржылық есептілігі бекітітілсін. 2. Шығындарға байланысты 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қоғамның жай акциялары бойынша дивиденттер төлемеу», – делінген хабарламада.
Kazakh Tourism компаниясы 2017 жылы құрылған. Елдің туристік әлеуетін арттыру үшін жұмыс істейтін мекеменің жалғыз акционері – Туризм және спорт министрлігінің туризм индустриясы комитеті.
Ашық дереккөзде компанияның 2025 жылғы аудиторлық есебі жарияланбаған. 2024 жылғы аудиторлық есебіне сәйкес, сол жылы компания 287 млн теңге шығын алған.
Бұған дейін Премьер-министрі Олжас Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасап, нәтиже болмаса қызметімен қоштасатынын мәлімдеген.