Жаңалықтар

Сүлейменов жанармай мен коммуналдық қызмет ақысын көтеруді ұсынды

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов
ҰБ басшысы инфляцияны тежеу үшін бағаны көтеруді ұсынды / фото: Ұлттық банк

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов инфляция өсімін тежеу үшін жанар-жағармай бағасы мен коммуналдық қызметтер ақысын көтеруді ұсынды. Топ-менеджер үкіметтің сейсенбідегі отырысында баяндама жасады.

Қазақстанда жылдық инфляция тоғыз ай бойы баяулап, 2026 жылғы маусымда 10,3% болды. Дегенмен, Сүлейменовтің пікірінше, инфляция әлі де екі таңбалы болғандықтан, «жағдай толық тұрақтанды» деп айтуға ерте.

Соған байланысты топ-менеджер үкіметке жанар-жағармай бағасы мен коммуналдық қызметтер ақысын көтеруді ұсынып отыр.

«Инфляцияны одан әрі төмендету үшін:

коммуналдық қызметтер тарифін және жанар-жағармай бағасын көтеру бағдарламаларын байыппен іске асыру;

– бюджеттік консолидацияны нақты іске асыру, яғни республикалық бюджет дефициті мен Ұлттық қордан трансферттердің өсуіне жол бермеу;

– нарықты отандық тауарлармен толтырып, квазифискалдық ынталандыруды сапалы жүргізу қажет деп санаймыз», – дейді Сүлейменов.

Айта кетейік, елде коммуналдық тарифтерді өсіруге қойылған мораторий 2026 жылғы 1 сәуірде аяқталды. Содан бері қызмет ақылары көтеріліп жатыр. Республикада кейінгі бір жыл ішінде бензин бағасы шамамен 15%-ға қымбаттады.

Осының алдында экономист елде АИ-92 бензині алдағы уақытта да үздіксіз қымбаттай беретінін ескерткен.