
Түлектерді марапаттау рәсімінде дипломын жыртқан студенттің әрекеті желіде қызу талқыланып жатыр. Бірі креатив десе, бірі осы әрекетімен төрт жыл сабақ берген мұғалімдердің еңбегін құнсыздандырды деп жазады.
Оқиға Алматы бизнес және коммуникациялар колледжінің диплом табыстау рәсімінде болған. Колледж басшылығынан диплом алған Әбдірахман Дәулет есімді студент бірнеше секунд өтпей жатып, оны көпшіліктің алдында жыртып тастайды.
Кейін анықталғандай, ол дипломның алдын ала дайындалған мұқабасы екен. Ал құжаттың өзі бүлінбеген. Оның бұл әрекетіне оқу орталығы қандай реакция білдіргені белгісіз. Видеода мантия киген жігіт күлген бойы сахнадан түсіп кетеді. Бұл әрекеті үшін жауапқа тартыла ма деген сұрақпен Kursiv.Media Ғылым және жоғары білім министрлігіне сауал жіберді.
«Сол диплом соңында қанша жыл жүргенін ұмытып қалды ма?
Мемлекеттік құжатқа деген құрмет жоқ, осы үшін ешқандай қызметке алмай, қара жұмысқа салу керек
Көргенсіз», – деген сынды пікірлер жазып жатыр қолданушылар.
Тағы да оқыңыз: «Папка сияқты»: ҚазҰУ түлектері университет берген дипломға риза емес