Жаңалықтар

Астана – Петропавл жолындағы апат: жансақтау бөліміне түскен ер адам көз жұмды

Астана – Петропавл жолындағы апат: аман қалған жалғыз адам жансақтау бөлімінде көз жұмды
Жансақтау бөліміндегі үш адамның жағдайы ауыр/фото: shutterstock

Астана-Петропавл трассасында автокөліктің өртенуі кезінде зардап шеккен ер адам ауруханада көз жұмды. Ол көлікте аман қалған жалғыз жолаушы еді.

Қайғылы оқиға 14 шілде күні Жаңаталап ауылының маңында болған. Астана-Петропавл автожолында автокөлік өртенген

Апат салдарынан оқиға орнында үш адам, оның ішінде бір бала қаза тапты. Өрттен аман қалған жалғыз жолаушы денесін күйік шалып, Ақкөл аудандық ауруханасына жеткізілген.

Бұған дейін басқарма өкілдері ер адамның жансақтау бөлімінде өте ауыр халде жатқанын хабарлаған. Денесінің басым бөлігі күйіп кеткендіктен, науқасты басқа емханаға тасымалдау мүмкін болмаған. Дәрігерлер оған күйік шогы диагнозын қойды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.