
6 шілдеден 20 тамызға дейін Астанадағы Ұлы Дала даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында көлік қозғалысы толық шектеледі.
Шектеу Төле би көшесінің Роза Бағланова көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі бөлігін салуға байланысты енгізіледі.
Жүргізушілер Тұран даңғылы мен Е-54 көшесі арқылы немесе Ұлы Дала даңғылындағы жергілікті өткелмен айналып өте алады.

Қала әкімдігі тұрғындарды бағыттарын алдын ала жоспарлауға шақырды.