Жаңалықтар

Белгілі қытай инвесторы «Бәйтерек» холдингі директорлар кеңесінің құрамына енді

«Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесі құрамына енді / фото: Серікжан Қобланбаев

«Бәйтерек» Ұлттық инвестициялық холдингі» директорлар кеңесінің құрамы ауысты. Кеңес құрамынан Дэниель А. ВиттМэри-Елен Берар мен Норберт Манфред Грундке шығарылып, орнына шетелдік топ-менеджерлер – Ху Фред Зулиу, Пехочиньский Януш Валенти мен Чарон Вардини Бин Мохзани тағайындалған.

Ху Фред Зулиу (Fred Zuliu Hu) – Primavera Capital Group инвестициялық компаниясының негізін қалаушы және басшысы. Ол компанияның даму бағытын айқындап, әлемдік инвесторлармен серіктестік орнатуға жауап береді. Фредтің бастамасымен Alibaba, Ant Group, Yum China, ByteDance (TikTok иесі), Xpeng және SenseTime сияқты танымал алып компанияларға үлкен инвестициялар құйылды.

Бұрын ол әлемге әйгілі Goldman Sachs банкінің Қытай аймағындағы төрағасы және Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) экономисі болған. Сондай-ақ Гонконг үкіметі мен қаржы ұйымдарында маңызды кеңесшілік қызметтер атқарған.

Инвестициялық холдинг директорлар кеңесі он адамнан тұрады. Директорлар кеңесінің төрағасы – ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов.

Сонымен қатар кеңес құрамына ПремьерМинистрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев, Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Нұрлан Байбазаров, Қаржы министрі Мәди Такиев, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» Басқармасының төрағасы Рүстем Қарағойшин енген.

Бұған дейін Президен әкімшілігінің басшысы Роман Склярдың орнына Нұрлыбек Нәлібаев келген.