Жаңалықтар

Дронмен тамақ тасу, болашақ медицинасы: Freedom лайфстайл-жүйесін қалай құрып жатыр

Алексей Ли
Фото: Валерия Карабан

Freedom экожүйесінің классикалық финтех шеңберінен шыққанына көп болды. Бүгінде компания азық-түлікті дронмен жеткізуді сынақтан өткізіп, робототехникаға инвестиция құйып жатыр, HealthTech-ті дамытып, миллиондаған әуе және концерт билеттерін сатады. Ондаған әртүрлі сервисті біріктіріп, қалай бірыңғай SuperApp жасауға болады? Ұшқышсыз аппараттар әзірге курьерлерден қымбатқа түссе де неге болашақ соларда? Алып корпорацияның ішінде стартаптық рух қалай сақталып отыр? «Курсив» басылымы Freedom Lifestyle Group бас директоры Алексей Лимен гиперперсонализация, қазақстандық ивенттердің алтын дәуірі мен қателесу құқығы туралы сөйлесті.

– Алексей, бүгінде Freedom экожүйесі әуебилетін сатып алудан бастап, азық-түлік жеткізуге дейінгі мүлдем әртүрлі сервистердің басын біріктіріп отыр. Қазіргі таңда Lifestyle блогының құрылымы қандай әрі оларды бір-бірімен не байланыстырады?

– Бастапқыда блок холдинг құрамындағы үш флагманның төңірегінде құрылды. Олар: Arbuz (қазір Freedom Азық-түлік деп атауын өзгертіп жатыр), Freedom Travel (бұрынғы Aviata) және Freedom Ticketon. Бұлардың барлығы – өз сегменттерінің көшбасшысы әрі пионері.

Қазір блогымыз бірнеше жаңа бағытты қамтиды. Ресторандар вертикалі – қалалар бойынша біртіндеп ауқымы кеңейетін Freedom Food жеткізу қызметі мен мейрамханаларға арналған Smart Restaurants операциялық жүйесі, жаңа Freedom Health («Менің Денсаулығым») блогы, Freedom Auto (көлік тізгіндеушілерге арналған сервистер), жуық арада жариялайтын бірқатар жаңа бизнес-бағыттар, сондай-ақ Freedom X пен AI Labs ғылыми-зерттеу (R&D) зертханалары.

Бұл жобалардың барлығын миллиондаған клиентке арналған жоғары сапа деңгейін көздейтін заманауи цифрлық өнімдер мен сервистер жасау деген ортақ идея біріктіреді. Олардың дамуы интернет-технологияларға, цифрландыруға және жасанды интеллектіні қолдануға негізделген.

– Жаһандық мақсат туралы айтар болсақ, Lifestyle дивизионы жалпы Freedom холдингі үшін қандай іргелі міндеттерді шешіп отыр?

– Біздің СЕО Тимур Турлов бір жарым жыл бұрын Банкпен бірге стратегиямызды нақтылауға көмектесті – қазіргі әлемде мықты экожүйе болмаса, финтехте көшбасшы болу мүмкін емес, сол сияқты экожүйелердің де банк іргетасынсыз тұрақты дамуы қиын. Содан бері біз банк дивизионымыз үшін сенімді серіктес болуға және онымен тығыз, тиімді тандемде әрекет етуге ұмтылып келеміз.

Сондықтан Холдинг үшін біздің негізгі құндылығымыз – финтех-лайфстайл-экожүйенің көшбасшылығын нығайтуға көмектесе отырып, инвесторлар үшін FRHC құндылығын арттыру деп білемін.

Екінші маңызды аспект – Холдингтің қаржылық ұйымнан технологиялық ұйымға өту кезеңін бастан өткеруі. Бұл процесте көбіне Лайфстайл-дивизионы жаңа стартаптардың, оның ішінде венчурлық ортадан келетіндердің кіру нүктесіне айналады. Ал венчурлық капитал жаңа технологияларды тәуекелге бел буудың жоғары деңгейінде сынақтан өткізіп, енгізуге мүмкіндік береді. Әдетте мұндай тәуекел деңгейі классикалық қаржы құралдарына тән емес.

– Ал Freedom Lifestyle Group-ты алдағы 3–5 жылдық көкжиекте қалай елестетесіз?

– Біріншіден, біз қазіргі сервистердегі көшбасшы позициямызды сақтап, нығайтуды жоспарлап отырмыз, өйткені біз клиенттің қызметімізді тұтыну тәжірибесіне баса мән береміз. Екіншіден, технологиялық басымдыққа ие болуды көздейміз. Алдағы 5-10 жылда цифрлық әлемде де, физикалық әлемде де «Physical AI» деп аталатын физикалық жасанды интеллектінің қарқынды өсуі күтіп тұр. Бұл толқын тұтас индустрияларды өзгертеді, ал біз осы процестің бел ортасында болғымыз келеді.

Жалпы, біз Lifestyle тобы ретінде сараптама орталығына, яғни бізге қосыла отырып, қарапайым қателіктерді айналып өтіп, дайын бәсекелестік артықшылықпен жұмыс бастай алатын кәсіпкерлерге арналған өзіндік бір «ұжымдық ақыл-ойға» айналамыз.

Бұл өте қызықты жұмыс – әр вертикальда кәсіпкерлік энергияны сақтап қалу үшін децентрализацияның дұрыс тепе-теңдігін қалай ұстау керек, сонымен бірге инженерия, деректер, маркетинг және басқа да бағыттар бойынша білімді қалай орталықтандыру қажеттігін ойластырамыз.

Сұхбаттың толық нұсқасын сілтеме арқылы оқуға болады.