Жаңалықтар

Финалға кім шығады: Англия – Аргентина матчын қайдан көруге болады

Англия – Аргентина тікелей трансляция / коллаж: kursiv.media

Бүгін түнде, 15 шілдеден 16 шілдеге қараған түні футболсүйер қауым тағатсыздана күткен тарихи сәт туды. АҚШ-тың Атланта қаласындағы «Мерседес-Бенц Стэдиум» аренасында 2026 жылғы Әлем чемпионатының жартылай финалы аясында Англия және Аргентина құрамалары кездеседі.

Ойынды қайдан көруге болады?

Матч 15 шілдеден 16 шілдеге қараған түні, Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады. Кездесуді Qazsport пен Qazaqstan телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Қос құрама да ширек финалда жанкүйерлерінің жүйкесін жұқартып, жартылай финал жолдамасын қосымша уақытта ғана жұлып алды.

Джуд Беллингемнің бенефисі

Англия құрамасы 1/4 финалда Норвегиямен кездесіп, қиын ойын өткізді. Есепті бірінші болып норвегиялық Андреас Шельдеруп (36-минутта) ашқанымен, ағылшындардың басты жұлдызы Джуд Беллингем командасын алға сүйреді. Бірінші таймның соңында (45+2′) таразы басын теңестіріп, қосымша уақыттың басында (93′) екінші голды соғып, матч тағдырын шешті. Қорытынды есеп – 2:1.

Аргентина Швейцарияны жеңді

Аргентиналықтар да ширек финалда Швейцарияның қорғанысын бұзу үшін барын салды. Ойынның 10-минутында-ақ Алексис Макаллистер есеп ашқанымен, Швейцария сапынан Дан Ндойе (67′) жауап қатты. Тек қосымша уақытта ғана Аргентина қарсыласын толықтай қапы қалдырды: Хулиан Альварес (112′) пен Лаутаро Мартинес (120+1′) соққан голдар Аргентинаны 3:1 есебімен жеңіске жеткізді.

Еске сала кетейік, алғашқы жартылай финалда Испания Францияны жеңген еді. Бүгін жеңіске жеткен құрама финалда Испаниямен кездессе, жеңілгені Франциямен үшінші орынға таласады.