
Халақыралақы физика олимпиадасының (IPhO-2026) бес жеңімпазы елге оралды. Оларды оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова бастаған топ Алматы әуежайында күтіп алды.
Халықаралық физика олимпиадасы 4-12 шілде аралығында Колумбияның Букараманга қаласында өтті. Оған әлемнің 85 елінен 381 оқушы қатысты. Қазақстан құрамасы өз тарихында алғаш рет бес алтын медаль жеңіп алды. Олар: Нұргүл Егенбергенова, Әмірбек Азатбеков, Ілияс Қазымбек, Роман Черемнов және Дамир Құрман.
Ұлттық құрамаға Гүлия Нұрбақова, Самат Мақсұтов және Әлішер Еркебаев жетекшілік етті.

Жеңімпаздарды әуежайда күтіп алған оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова оқушыларды тарихи жетістікпен құттықтады. Министр ұлттық құраманы жоғары деңгейде дайындауға және тарихи нәтижеге жетуге үлес қосқан педагогтер мен тәлімгерлерге алғыс білдірді.
Шілденің басында министрі Сүлейменованың «Әділет» партиясы ұсынған үмікерлер тізіміне енгені мәлім болды. Ол қызметтен кете ме? Kursiv.Media мақаласын оқыңыз.