Жаңалықтар

Испания араға 16 жыл салып Әлем чемпионатының финалына шықты

REUTERS/Hannah Mckay TPX IMAGES OF THE DAY

Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионатының алғашқы жартылай финалында Испания құрамасы Францияны айқын басымдықпен жеңіп, финалға шықты. Ал Франция құрамасы енді үшінші орын үшін таласатын болады.

Кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ шиеленіскен ойын басталды. Испаниялықтар допқа иелік ету мен шабуыл ұйымдастыруда ширақтық танытты. 22-минутта Испания құрамасының шабуылшысы Микель Оярсабаль пенальтиді мүлтіксіз орындап, есеп ашты. 

58-минутта Дани Ольмоның керемет пасынан кейін қорғаушы Педро Порро қақпаны дәл көздеп, есепті еселеді.

Франция құрамасының бас бапкері екінші таймда бірнеше ойыншыны алмастырып, ойын өрнегін өзгертуге тырысқанымен, Испанияның темірдей қорғанысын бұза алмады.

Араға 16 жыл салып

Испания соңғы рет осыдан тура 16 жыл бұрын (2010 жылы Оңтүстік Африкада өткен Әлем чемпионатында) финалға шығып, чемпион атанған болатын. Міне, араға жылдар салып тағы алтын тұғырға жақындай түсті.

Ал Мбаппе бастаған Франция құрамасы бұл жолы финалдан тыс қалып, қола жүлдеге таласады. 

Испанияның финалдағы қарсыласы ертең Англия мен Аргентина ойынында анықталады. Ал жеңілген құрама үшінші орын үшін Франциямен бақ сынасады.