
1 маусымдағы жағдай бойынша халықтың банктердегі депозитте жинаған ақшасы рекорд көрсеткішке жетіп, алғаш рет 29 трлн теңгеден асты. Ranking.kz сарапшыларының есептеуінше, депозит көлемі бір айдың ішінде 2,5%-ға, ал бір жылда 18%-ға өскен.
Халықтың жинаған ақшасының 96%-ға жуығы негізгі он ірі қаржы институтында шоғырланған. Halyk Bank пен Kaspi Bank көш басында тұр. Halyk Bank-тегі депозиттерде жеке тұлғалардың 7,9 трлн теңгесі жинақталса, Kaspi Bank-тегі шоттарда трлн теңге жатыр.
ТОП-ондыққа кіретін банктер тізімі төмендегі инфографикада көрсетілген:

Салымдардың өсу қарқыны бойынша Bank RBK көш бастап тұр: аталған банктің депозиттер портфелі бір айда 9,2%-ға, ал бір жылда бірден 43%-ға артып, 855,8 млрд теңгені құрады.
Өсім бойынша екінші орынға «Фридом Банк Қазақстан» орналасты (бір айда +5,4%, бір жылда +38,6%). Үздік үштікті «Банк ЦентрКредит» түйіндейді, мұндағы салымдар көлемі бір айда 3,8%-ға, ал бір жылда 21,4%-ға артып, 3,6 трлн теңгеге жетті.
Kursiv.Media зерттеуінше, өткен айда банктердегі депозит сыйақылары өзгере бастады. Бұған Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені 18%-дан 17%-ға дейін төмендетуі әсер еткен.