Жаңалықтар

73 жастағы зейнеткерді үйінің терезесінен кіріп, қорқытып тонап кетті

shutterstock, бильд-редактор: Адэлина Мамедова
shutterstock, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Шығыс Қазақстан облысында күдікті зейнеткердің үйіне кіріп, ақша талап еткен. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Yk-news.kz ақпаратына қарағанда, кешкі уақытта белгісіз ер адам Глубокое ауданында жалғыз тұратын 73 жастағы зейнеткердің үйіне ашық тұрған терезе арқылы кірген. Қорыққан әйел оған 32 мың теңге берген. Осыдан кейін күдікті үйдегі заттарды алып, қашып кеткен.

Жәбірленуші күдіктінің сыртқы келбетін полицияға сипаттап берген. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары оның жеке басын анықтап, ұстады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамауда отыр.

Аталған факті бойынша тонау бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Айта кететін жайт, Астанада 82 жастағы зейнеткерге сот үкімі шыққан болатын. Ол жеті жастағы шөбересін зорлағаны үшін кінәлі деп танылды.