Жаңалықтар

Англия мен Франция қола жүлдеге қашан таласады

Англия – Франция / коллаж: kursiv.media

Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионаты өз мәресіне жақындап қалды. Жартылай финалда қарсыластарына есе жіберген Англия мен Франция құрамалары бұл жолы турнирдің қола медалін өзара сарапқа салатын болады.

Үшінші орын үшін ойын Қазақстан уақытымен 19 шілдеге қараған түні, сағат 02:00-де басталады. Қазақстандық футболсүйер қауым ойынның тікелей көрсетілімін Qazaqstan мен Qazsport арналарынан көре алады.

Естеріңізге сала кетсек, қос ұжым да Әлем чемпионатының финалына шығуға жақын болған еді. Алайда жартылай финалдық бәсекеде Франция құрамасы Испаниядан 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Ал Англия құрамасы драмаға толы өткен ойында Аргентинаға 1:2 есебімен жол берді. Енді екі команда да турнирді жақсы нотада аяқтап, өз елдеріне қола жүлдемен оралу үшін бар күшін салмақ.