Жаңалықтар

Аргентина соңғы минуттарда Англияны тізе бүктіріп, финалға шықты

Аргентина, Англия, Лионель Месси, чемпионат мира, футбол
Argentina’s Lautaro Martinez scores their second goal REUTERS/Amanda Perobelli

Футболдан өтіп жатқан Әлем чемпионатының жартылай финалында Аргентина Англиямен кездесіп, матчтың соңғы минуттарында жеңісті жұлып кетті. Қорытынды есеп – 2:1.

Текетірес пен камбэк

Ойынның бірінші таймы қос команданың да сақ қимылдауымен өтіп, есеп ашылмады (0:0). Алайда екінші тайм жанкүйерлерге ұмытылмас эмоция сыйлады: 55-минутта Англия құрамасы есеп ашты. М. Роджерстің пасынан кейін А. Гордон мергендік танытып, ағылшындарды алға шығарды (1:0).

85-минутта ойынның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда Лионель Мессидің нәтижелі пасын Э. Фернандес голға айналдырып, таразы басын теңестірді (1:1).

90+2-минут. Төреші қосқан қосымша уақытта тағы да Л. Месси ассист жасап, Мартинес Англия қақпасына жеңіс голын соқты (1:2). Аргентина құрамасы чемпиондық мінез көрсетіп, есепте артта тұрса да, кездесудің соңғы минуттарында жеңісті жұлып алды. Бұндай ойын мәнерін Аргентина Мысырмен өткен ойында да көрсеткен еді.

YouTube video player

Финал

Алтын тұғыр үшін өтетін басты бәсекеде Аргентина мен Испания құрамалары кездеседі. 19 шілде күні футбол сүйер қауымды қос алпауыттың тарихи текетіресі күтіп тұр. Ал жартылай финалда жолы болмаған Англия енді қола жүлде үшін Франция құрамасымен бақталасады.