
Астанада базар аумағында жарылыстан үш адам зардап шекті. Оқиға Байқоңыр ауданы Жиенқұлова көшесінде болған. Бұл туралы қаланың төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Жарылыс екі қабатты әкімшілік ғимараттың бірінші қабатында орналасқан тандыр самса дайындайтын бөлмеде болған.
Зардап шеккен үш адам медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.
Бұған дейін Ақмола облысы прокуратурасы Щучинскідегі «Центр плова Loft» дәмханасында болған өртке қатысты істі тергеуді аяқтады.