Экономика

IPO-ға шыққан SpaceX акциялары бір айда 22%-дан астам төмендеді

SpaceX акциялары төмендеді / shutterstock, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

SpaceX акциялары соңғы бір айда 22,1%-ға арзандады. Сауда барысында қағаз бағасы бір сәтте IPO кезіндегі 135 доллар деңгейінен де төмен түсті. Бұл компания акцияларына қатысты бастапқы дүрлігудің біртіндеп басылып келе жатқанын көрсетеді.

Құлдырауға акциялардың нарыққа шыққан кезде тым жоғары бағалануы, алғашқы инвесторлардың табысын бекітіп, қағаздарын сата бастауы және компанияның алдағы қаржылық есебіне қатысты белгісіздік әсер етті.

Фото: TradingView

Бұған дейін SpaceX акциясының бағасы 225 долларға дейін көтерілген еді. Қазіргі бағамен есептегенде, акция тарихи ең жоғары деңгейінен шамамен 40%-ға арзандаған. Енді инвесторлар компанияның табысы мен шығыны туралы алғашқы толық есепті күтуде.

SpaceX IPO-сы өткеніне тура бір ай болды. Компания акциялары саудасы басталған күні бір акцияның орналастыру бағасы 135 доллар болып белгіленген еді.