
Ақмола облысындағы Байқоныс, Бестөбе, Изобильное, Бөгенбай, Сілеті ауылдары мен Степногорск қаласының маңында дала өртенді.
ТЖМ бөлімшелері аптап кезінде құрғақ өсімдіктердің лаулап жануын тоқтатты.
112. kz ақпаратына қарағанда, өрт ошақтарын жедел жою үшін ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар және басқа да мүдделі мемлекеттік қызметтердің күштері мен құралдары жұмылдырылған.
«Баруы қиын учаскелерде ТЖМ авиациясы қолданылып, бұл өрттің таралуына жол бермеуге және ең күрделі ошақтарды жедел сөндіруге мүмкіндік берді. ТЖМ авиациясының әуе кемесі өрт ошақтарына 38 тонна су төкті. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттердің шығуына найзағай разрядтары себеп болған», – делінген ақпаратта.
Министрліктің мәлімдеуінше, жағдай тұрақты бақылауда. Оқиға орындарында жедел штабтар жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Жекелеген өрт ошақтарын толық сөндіру жұмыстары жалғасуда. Өртті сөндіруге ТЖМ мен өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың шамамен 300 қызметкері, 55 бірлік техникасы, сондай-ақ ҚР ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» АҚ мен «Қазавиаорман» РМК-ның екі әуе кемесі жұмылдырылған.
Аптап ыстық салдарынан Қазақстанда орман өрттері де жиіледі