Жаңалықтар

Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізді

Тоқаев Си
Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізді / Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізді.

Ақорда ақпаратына сүйенсек, Си Цзиньпин Қазақстан президенті Тоқаевқа шынайы ілтипат білдіріп, бұл кездесудің екіжақты күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелерді талқылауға зор мүмкіндік екенін атап өтті.

Қос мемлекет басшыларының кездесуінде өзара ықпалдастық пен стратегиялық серіктестіктің болашағы сөз болды.

Мәңгілік әрі жан-жақты серіктестік

Қытай жетекшісі екі ел арасындағы байланыстың бүгінгі деңгейіне тоқталып, Қазақстанның сыртқы саяси бағытын қолдайтынын жеткізді. Бірлескен нәтижелі жұмыстардың арқасында Қытай мен Қазақстан арасындағы мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестік жаңа биікке көтерілді. Екі елдің өзара іс-қимылды бұдан да ары дамытуға мүмкіндігі өте жоғары.

Тоқаев Қытаймен достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған саясаты екі мемлекет халқының түпкі мүддесіне толықтай сай келетінін айтты.

«Бірлескен күш-жігердің арқасында Қытай мен Қазақстанның мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігі жоғары деңгейге жетті. Өзара ықпалдастықты дамытудың әлеуеті өте зор», – деді Си Цзиньпин.

Сонымен қатар, ҚХР Төрағасы Қазақстанның ішкі саяси тұрақтылығы мен мемлекеттік даму бағытына тоқталып, өз лебізін білдірді. Си Цзиньпин президент Тоқаевтың бастамасымен елімізде қолға алынған ауқымды реформаларды жоғары бағалады.

Қытай басшысы Қазақстанды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады. Және алдағы Құрылтай сайлауының сәтті өтуіне жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.

Айта кетейік, қазір Тоқаев жұмыс сапарымен Шанхай қаласында жүр. Ол Қытайға Си Цзиньпиннің арнайы шақыртуымен барған