Қоғам

Әйел туған әкесін сот арқылы үйден қумақ болды: бұл қаншалықты заңды

Сот
Сот шешімі күшін жойды/ Фото: Shutterstock

Қазақстандық әйел өзіне тиесілі пәтерден әкесін шығарып жіберу үшін сотқа жүгінді. Бастапқыда сот әйелдің өтінішін қабылдаған, алайда апелляция мен кассациялық сот шешімнің күшін жойды.

Кассациялық соттың хабарлауынша, қыз тұрғын үйдің өзіне тиесілі екенін алға тартып, әкесін үйден шығару туралы талап арызбен сотқа жүгінген. Бірінші сатыдағы сот қыздың пайдасына шешім шығарған.

«Ер адам қыздың туған әкесі. «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 68-бабына сәйкес, тұрғын үй меншік иесінің отбасы мүшелері тұрғын үйді меншік иесімен тең дәрежеде пайдалануға құқылы.

Осылайша, жауапкер 2022 жылдың қыркүйегінен бастап даулы тұрғын үйде заңды негізде тұрып келген және қазір де тұрып жатыр.

Апелляциялық сот оны тұрғын үйден шығару туралы талап қоюшының талабын заңсыз деп таныды», – делінген ақпаратта.

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот бұл шешіммен келісіп, оның заң талаптарына сәйкес келетінін атап өтті.

Үлескерлік құрылыс арқылы үй алғанда нені ескеру қажет екенін мына жерден оқи аласыз.