Жаңалықтар

Банктердегі депозитте жинақталған қаржы 50 трлн теңгеден асты

Фото: kursiv.media архиві

Маусым айында қазақстандықтар банктерге белсенді түрде ақша сала бастады. Ұлттық банк дерегі бойынша, банктердегі депозитте жинақталған ақша көлемі 50,14 трлн теңгеден асты.

Бір айда салымдар 2,2 трлн теңгеге өсіп, 50,14 трлн теңгені құрады. Жыл басынан бері жинақтар 4 трлн теңгеге көбейді.

Халық қаржысын негізінен теңгеде сақтағанды жөн көреді. Теңгедегі депозиттер 40,2 триллион теңгені құрады. Шетел валютасындағы салымдар 9,9 трлн теңгеге жетті.

50 трлн теңге депозиттің ішінде 28 трлн теңгесі – халықтың жинаған ақшасы. Оның ішінде халықтың теңгедегі салымдары бірден 935 млрд теңгеге көбейіп, 23,5 трлн теңге болды. Ал халықтың валюталық депозиттері 106 млрд теңгеге азайып, 4,5 трлн теңгені құрады.

Компаниялардың депозиттері де өсіп, 2,1 трлн теңгеге жетті. Бизнес өкілдері теңгедегі шоттарын 967 млрд теңгеге толықтырып, 16,6 трлн теңгеге жеткізді. Олардың валюталық салымдары да 429 млрд теңгеге артып, 5,4 трлн теңге болды.

Халық депозитін негізінен елдегі ірі банктерде ұстайды.