
55 жастағы Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда. Шенеунік мұнай-газ саласын жақсы біледі.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Оралұлы Ақшолақов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды», – делінген шағын ресми мәліметте.
Осының алдында ғана президент өз жарлығымен Серік Шәпкеновті осы облыстың әкімі қызметінен босатқан.
Болат Ақшолақов 1971 жылғы 9 сәуірде Атырау қаласында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Ол ұзақ уақыт мұнай-газ саласында еңбек етті: «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясын басқарды. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында басқарушы директор болып істеді. Ал 2022–2023 жылдары энергетика министрі қызметін атқарды.
2023 жылғы сәуірден 2025 жылғы ақпанға дейін президентінің кеңесшісі болды. Содан кейін шамамен бір жарым жыл бойы «Kazenergy» қауымдастығын басқарды. Енді Атырау облысыны басшы болып барады.