
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ (Halyk Bank) директорлар кеңесі 2025 жыл үшін өткен жылдардың таза пайдасы есебінен бір жай акцияға 28,09 теңгеден қосымша дивиденд төлеуді ұсынды. Бұл шешім 2026 жылғы 20 тамызда өтетін акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында бекітіледі.
Мақұлданған жағдайда дивиденд алуға құқылы акционерлердің тізілімі 26 тамызда бекітіліп, төлемдер 7 қыркүйектен бастап жүзеге асырылады.
Бұған дейін банк 2025 жыл үшін бір акцияға 30,1 теңге көлемінде дивиденд төлеген болатын. Жаңа ұсынысты есепке алғанда, 2025 жылдың жиынтық дивиденді әр акцияға 58,19 теңгені құрайды. Нарықтағы акция құны 365 теңге болған жағдайда, жылдық кірістілік 15,9%-ға жетеді.
Айналымда банктің 11 млрд-қа жуық жай акциялары жүргенін ескерсек төленетін дивиденд көлемі 307 млрд теңгені құрауы ықтимал.
Сәуір айында акционерлер дивидендтерді жылына төрт ретке дейін төлеу мүмкіндігін қарастыратын өзгерістерін бекіткен еді. Банктің 2025 жылғы таза пайдасы 1 трлн теңгеге жетті.
Банктің басты акционері — акциялардың 62%-на иелік ететін «Алмэкс» холдингі. Қалған 35% акция KASE, AIX және LSE биржаларында еркін айналымда саудаланады.