Жаңалықтар

Ким мен Огайға тиесілі Kazakhmys Copper тағы бір компанияға иелік ете бастады

Коллаж: .kursiv.media архиві

Милиардер Владимир Ким мен Эдуард Огайға тиесілі Kazakhmys Copper тағы бір компанияның 100 пайыз акциясына иелік ете бастады. Қаржы есептілігі депозитарийіндегі ақпаратқа сәйкес, «Kazakhmys Holding (Казахмыс Холдинг)» ЖШС қос миллиардердің меншігіне өткен.

Kazakhmys Copper иелігінде жоғарыда атаған компаниядан бөлек, «Qaz Copper Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бар.

Алпауыт «Қазақмыс» компаниясын сатқалы Ким мен Огайдың иелігінде 9 компания қалған.

«Kazakhmys Copper» акционерлік қоғамы 2016 жылғы 15 қарашада тіркелді. 1 қаңтардағы дерек бойынша, KCC Copper Limited компаниясына тиесілі.

KCC Copper Limited компаниясын миллиардер Владимир Ким мен Эдуард Огай 2025 жылдың күзінде құрған. Владимир Ким 5,7 млрд доллар дәулетімен Қазақстандағы ең бай адамдардың тізімінде үшінші орында тұр. Ал Эдуард Огай 761 млн доллармен 14-орынға жайғасқан.