Жаңалықтар

Жібек Құламбаева WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты

Жибек Куламбаева впервые сыграет в финале турнира категории 250
Жібек Құламбаева WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты / Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Румынияның Яссы қаласында өтіп жатқан WTA 250 санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ.

Армения өкілі Алина Чараевамен жұптасқан отандасымыз ширек финалдық матчта Алевтина Ибрагимова (Ресей) және Хеорхина Гарсия Перес (Испания) тандемімен кездесті.

Матч екі сетке созылып, 6:2, 7:5 есебімен Жібек пен Алинаның жеңісімен аяқталды. Теннисшілер кортта 1 сағат 17 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Құламбаева серіктесімен бірге бір рет тікелей ұпай беретін соққы (эйс) жасап, қос қателікке бой алдырмады және қол жеткізген 10 брейк-поинттің алтауын сәтті пайдаланды.

Жартылай финалда қазақстандық-армениялық дуэт аталған жарыстың бірінші нөмірлі жұбы болып тіркелген белгиялық Магали Кемпен мен ресейлік Александра Пановаға қарсы ойнайды.