Қоғам

Air Astana-дан 1 млрд теңге жымқырғандарға шыққан үкім өзгеріссіз қалды

сот
Үкім өзгеріссіз қалды / Фото: Shutterstock

Алматының апелляциялық сотында Air Astana-дан 1 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқыру және қылмыстық кірістерді заңдастыру бойынша үкім өзгеріссіз қалды.

Қылмыстық схеманы ұйымдастырушы 9 жылға, ал оның екі сыбайласы 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған. Сондай-ақ сотталғандардың мүлкі тәркіленіп, оларға 5 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда лауазымды қызметтерді атқаруға тыйым салынды.

Сот жәбірленуші тараптың 1 миллиард теңгеден астам сомаға берген азаматтық талап-арызын қанағаттандырды. Тәркіленген мүлік келтірілген шығынды өтеуге бағытталады.

Айта кетейік, Air Astana әуе компаниясы Дубайға ұшуды 21 шілдеден 31 тамызға дейін тоқтатады.