
Ақмола облысында Жақсы теміржол вокзалының ғимаратын реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Нысанды жаңарту елдегі 124 теміржол вокзалын реконструкциялау және жаңғырту бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.
Көлік министрлігінің хабарлауынша, жұмыс барысында вокзал ғимаратының аумағы 203-тен 222-і шаршы метрге дейін ұлғайтылып, жолаушылар перроны 388 метрден 503 метрге дейін ұзарды. Ғимараттың шатыры, қасбеті және ішкі бөлмелері жаңартылып, инженерлік желілер, жылыту, сумен жабдықтау және электрмен қамту жүйелері толық жаңғыртылды.
Айта кетейік, Жақсы теміржол вокзалы 1960 жылы салынған. Станция арқылы 8 жолаушылар пойызы қатынап, Астана, Алматы, Қостанай, Арқалық, Семей, Павлодар және Маңғыстау бағыттарымен жолаушылар қатынасын қамтамасыз етеді.
Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында Риддер және Шемонаиха теміржол вокзалдары пайдалануға берілді.