
Қазақстан мен Ресей шекарасына жақын аймақта магнитудасы 4,9 балл жер сілкінісі болды.
Ұлттық ядролық орталығы мәліметінше, жерасты дүмпуі 18 шілдеде Астана уақытымен сағат 02:09-да тіркелген.
«Жер сілкінісінің ошағы екі елдің шекаралас аймағында, Павлодар қаласынан солтүстік-шығысқа қарай шамамен 200 шақырым жерде орналасқан», – делінген хабарламада.
Бұдан бөлек 18 шілде таңертең сейсмологтар тағы бір жер сілкінісін тіркеді. Қытай аумағында тіркелген жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 10:47-де болған.
Екі жер сілкінісінің Қазақстан аумағында сезілгені, сондай-ақ зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.