
«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватындағы орман өрті оқшауланды.
Айта кетейік, өрт 2026 жылдың 16 шілдесінде басталған. Экология министрлігінің хабарлауынша, 18 шілде сағат 9:45 те өрт оқшауланды.
Өрт сөндіру жұмыстарына «Семей орманы» және «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваттарының қызметкерлері, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК, сондай-ақ төтенше жағдайлар, ішкі істер, қорғаныс министрліктерінің, ұлттық қауіпсіздік комитетінің және жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылды.
Жалпы өртті сөндіруге 769 адам, 191 бірлік жерүсті техникасы және 8 тікұшақ тартылды.
Бұған дейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «DosBolLike» балалар лагерінің тәрбиеленушілері мен қызметкерлері алдын ала эвакуацияланды. Семей қаласына барлығы 220 адам жеткізілді. Оның ішінде 190 бала мен лагерьдің 30 қызметкері бар.